МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ШИ ТОҚУ

XVIII-XIX ғасырларда Түркістан өңірінде қамыс өндірісі кең өріс алды. Өнімдері тұрмыста кең пайдаланылған күн көріс көзі болған кәсіптің бұл түрі өте кең ауқымда қолданылды. Қамыс үйлердің төбесін жабуда, киіз үйлерде, қоршау т.б. ретінде көп пайдаланылған. Ши тоқу да көнеден келе жатқан кәсіптің түрі екені анық. Археологтар қазған Бешатыр қорғанының жерлеу орындарынан шидің іздері табылып отырғаны белгілі. Ел өз шаруашылығында қамыстан, шиден әр түрлі шыпта, төсеніштер жасаған. Қолөнер ісінің бұл түрі арзан әрі төзімді және тұрмыс-тіршіліктің барлық саласында кең қолданылды. Қазақ шеберлері ши бұйымдарын үш түрге бөлген. Қазақ халқының қолөнерінде шилердің түрін ақ ши, ораулы ши, шым ши деп жіктеген. Ақ ши оралмай құр өзі, ораулы ши оралып, өрнектеліп, әр жерінен оралып тоқылған. Өре ши, шабақ ши, шым ши деп аталған түрлері тоқылу мен өрнек салуына қарай ерекшеленіп отырды. «Әзірет Сұлтан» музей-қорығына қарасты XVI ғасырда салынған «Шығыс моншасы» экспозициясына қойылған тоқылған шилер осы ши тоқу кәсібінің бір көрісі деуге болады. Бұл шилерді өре ши, ақ шилер деп атауға болады. Ешқандай ою-өрнексіз, шиді бояп он жерінен бірдей қашықтықта кендір жіппен күрмеп тоқыған. Аталған шилер шығыс моншасының негізгі жуыну бөлмесіндегі тазалық ойықтарын жабу үшін қолданғанын көрсетіп тұр. Ортағасырлық моншада бұл тазалық ойықтарын жабуда шымылдық ретінде ши немесе басқа да материалдар қолданғаны анық. Осыған орай ойық жапқыш ретінде пайдаланған шилер, ши есік, тұс ши, терезе жапқыш болған. Қазақтарда ежелден ши тарту, оны аршу, орау, жүн орап тоқу науқаны болған және тұрмыстарында ерекше орын алғанын «ши тарту», «ши-шымылдық» билері мен ойындарынан көруге болады. Шығыс моншасынының тазалық ойығындағы шилердің өре ши, ақ шилер деп аталған түрлері ойық жапқыш қызметін атқарды.
Әсем ОРЫНБЕКОВА, экскурсовод.
Алдыңғы ақпарат

Dala dauysy шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды

Келесі ақпарат

Тайқазан – Теккенің бір нышаны ретінде