МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ШАШТЫҒҰЛ БИ (XVIІI-ХІХ ғғ.)

Сарыарқадан Үсен би мен Шаштығұл бидің сүйегін бірге алып келіп Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерлеген. Шаштығұл би Үсен бидің замандасы болған.
1907 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасап келген Мұхаммедсадық Сапабекұлының дерегінде Шоң би, Үсен би (Балталы найман), Шаштығұл би, Қараменді билер кесенеде жерленгендігі жөнінде жазба қалдырған. Өкінішке қарай, Шаштығұл бидің құлпытасы сақталмаған. Көптеген құлпытастың өткен ғасырдан бері жүргізіліп келе жатқан жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары кезінде жоғалып кеткендігін естіп те, оқып та жүрміз.
1950–1960 жылдар шамасында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің іргетасын бекіту жұмысымен айналысып жатқан жұмысшылар құлпытастарды бетон астына тастап жатқандығын көріп, тоқтатқанын сол жылдары музейдің бас қор сақтаушысы О. Дастанов өзінің еңбектерінде атап өткен. Мұндай бассыздық әрекет жайлы 1922 жылы кесене жағдайымен танысуға келген «Средазкомстаристің» маманы, ғалым А. Семенов та құжаттап кеткен, ол кесене қабырғаларындағы майоликалық ою-өрнектер мен тарихи тұлғалардың құлпытастарының ұрлануын тоқтату жайлы мәселе көтерген.
2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрген ғалым-археолог М. Тұяқбаевтың «Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар» кітабының 40 бетінде
би, болыстар, датқалар деп көрсетілген тізімінен Шаштығұл бидің Әзірет Сұлтан кесенесінде жерленгендігін көруге болады.
«Түркістанда жерленген қазақ билері» кітабынан.
Алдыңғы ақпарат

МУЗЕЙ КҮНІНДЕ ЕРЕКШЕ КӨРМЕ ӨТТІ

Келесі ақпарат

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА ЖӘНЕ ЕЛОРДА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ