МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Сарапшы комиссия отырысы өтті

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы Ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі бойынша сарапшы комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры К.Қ. Сейітова, Музейлер мен кітапханалар басқармасының басшысы Г.А. Пазылова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н.А. Мұхамбеталина, Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің директоры Г.К. Шалабаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының орынбасары А.Нұразхан, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры С.Б. Бурбаева, Орталық мемлекеттік музейі директорының орынбасары Б.Д. Дандығараева және т.б. республикалық және жергілікті атқарушы органдарына қарасты музейлердің басшылары мен тарихшы ғалымдар қатысты.

Сарапшы комиссия жұмысының мақсаты — еліміздің Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі — мемлекеттік тізілім) енгізілетін мәдени игіліктерді іріктеу.

Бүгінде Мемлекеттік тізілімге отандық музейлердің қорынан 9000-нан астам ұлттық мәдени игілік объектілері енгізілген. Ендігі жерде Сарапшы комиссия сол тізімге енгізілетін ең құндыларын анықтайтын болады.

Өз кезегінде Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Мемлекеттік тізілімді көпшілікке қолжетімді ету жолдарын қарастырып жатыр.

Алдыңғы ақпарат

АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ

Келесі ақпарат

Халықаралық музейлер кеңесінің қазақстандық комитетінің отырысы өтті