МАҢЫЗДЫ :

nothing found

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Республика күні мерекесіне орай “Әзірет Сұлтан” Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты шараны ашқан музей-қорық директоры Мәулен Жарылқасынұлы Садықбеков жиналған көпшілікті Ұлттық мерекемен құттықтап, Республика күні мерекесінің мән-маңызына тоқталды. Және Әділетті Қазақстанды құру әрбір қазақстандықтың, соның ішінде музей-қорық қызметкерлерінің де тікелей міндеті екендігін атап өтті. “Сондықтан әрқайсымыз өз міндетімізді адал атқаруға тиіспіз” деді музей-қорық директоры.
 Бұдан соң М.Садықбеков музей-қорықтың бірқатар қызметкерлеріне мерекеге орай берілген марапаттарды табыс етті.
 Музей-қорықтың археолог ғалымы, т.ғ.к. Тұяқбаев Марат — Облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен, экскурсовод Абдрасилов Берікбай Кұрманбайұлы — облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, Жолдасов Толқын Маханбетұлы (қор сақтаушы), Адилбаева Дина Асхатқызы (архившы), Самханов Дадажан Закиржанұлы (жұмысшы) қала әкімінің Алғыс хатын иеленді.
 Бейсенбай Қуаныш Бейсенбайұлына (экскурсовод), Рустемова Лаззат Ермаханқызына (есепші), Тойкараев Аширбек Торланбайұлына (жұмысшы), Убайдуллаев Убайдуллаға (жұмысшы) Кәсіподақ ұйымының Құрмет Грамотасы берілді.
 Ал музей-қорық директорының Алғыс хатымен мына азаматтар марапатталды: Тұрсынов Ағаділ Хазретәліұлы (ТМЕҚ инспекторы), Абдуманнапов Сержан Бақытғалиұлы (бағдарламашы), Коджибаев Жанатбек Анварбекұлы (қорықшы), Жузбаев Азамат Сулейменұлы (қорықшы), Рыспанбетова Жанат Алпысбайқызы (сыпырушы).
 Еліміздің Ұлттық мерекесі — Республика күні құтты болсын! Және осы Ұлы мерекеге орай марапатталған әріптестеріміздің марапаты құтты болсын!
Алдыңғы ақпарат

КІТАПХАНАҒА СЫЙ АКЦИЯСЫ

Келесі ақпарат

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ