МАҢЫЗДЫ :

nothing found

С. БАҚЫРҒАНИ МҰРАЛАРЫ

Заманында Хакім ата лақабымен танылған, бар ғұмырын Хақ жолына арнаған, Сүлеймен Бақырғани қаламынан Ясауи ата дәстүрімен жазылған жүздген хикметтер, сондай-ақ «Ақырзаман», «Миғражнама», «Исмайыл қиссасы», «Бибі Мәриям», «Жарты алма» секілді дастандар дүниеге келген.
Бақырғани мұрасын әр жылдары зерттеген қазақ, түрік, өзбек, қырғыз, орыс зерттеушілері Бақырғани ата шығармаларының өз қолымен жазған түпнұсқасы сақталмағанын, көшірме нұсқаларының ең көнесі XV ғасырға жататынын айтады. ХVII ғасырға тән, 119-489 беттері біріңғай С. Бақырғани хикметтерінен тұратын қолжазба кітаптың бірі Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында сақталған. Жазылған мерзімі, жері, көрсетілмеген. Көлемі 652 бет. Сондай-ақ С. Бақырғани шығармаларын толық қамтитын ең үлкен қолжазбалардың бірі де осы жоғарыда аталған кітапхананың қолжазбалар бөлімінде сақталғанын ерекше атап өтуге болады.
Біздің заманымызға дейін көшіруші кәтіптердің көшірген қолжазбалары арқылы жеткен С. Бақырғани мұралары ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап Қазан, Ыстанбол қалаларында баспа бетін көреді. 1847 жылдан бастап 1908 жылға дейінгі аралықта баба мұрасы мен баба жайлы аңыздар Қазан қаласының әртүрлі баспаларында «Бақырғани кітабы», «Ақыр заман кітабы», «Хакім ата кітабы», «Бибі Мәриям» деген аттармен жарыққа шыққан. Әсіресе 1855-1864 жылдары «Ақыр заман кітабының» он жылдың ішінде 9600 данасы басылған. Сондай-ақ, баба мұрасы осы кездерде орыс тіліне де аударылып, жарық көреді. Оның ішінде «Ақыр заман кітабын» Е.А. Малов орыс тіліне аударып, 1897 жылы жарыққа шығарса, «Бибі Мәриям» дастанын С.М. Матвеев орыс тілінде жариялайды. Әр жылдары Қазан қаласының баспаханаларында басылған осы кітаптаптардың бірнеше нұсқалары Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Орталық кітапханасында сақталған.
Алдыңғы ақпарат

Арман Жүдебаев ҚР Мәдениет және спорт вице- министрі қызметіне тағайындалды

Келесі ақпарат

ҚОҢЫРАТ, САҢҒЫЛ КҮЛЕН БИ ҮСЕНҰЛЫ (XIХ ғ.)