МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Рухани келісім күні

18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады.

Алматыда барлық діндердің өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосып, манифест қабылдап, 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырды.

Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы –  азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Алматыда өткен конгрес Елбасының бітімгершілік идеяларына жол ашты. Олардың арасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ерекше орын алады.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев: «Береке мен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, татулық пен келісім – біздің басты байлығымыз», – деген болатын.

Елбасы кітапханасы Рухани келісім күніне орай бейнеролик дайындады, оның мақсаты – еліміздің одан әрі табысты дамуы үшін көпұлтты Қазақстан халқының рухани құндылықтарын нығайту.

Алдыңғы ақпарат

Экскурсоводтар Түркияда тәжірибе алмасып, біліктіліктерін шыңдады

Келесі ақпарат

«Сынап көзе» дегеніміз не?