МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Республикалық қоғамдық штаб Түркістандағы шығармашылық интеллигенция өкілдерімен жүздесті

Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаушыларының қазақ мәдениетінің, тарихы мен руханиятының орталығы Түркістан қаласына сапары жалғасуда. Республикалық қоғамдық штаб Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында ақсақалдар және шығармашылық интеллигенция өкілдерімен жүздесуге келді.

Президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды жиналғандарға таратып түсіндірген штаб мүшелері сайлауға түсіп жатқан жеті кандидаттың да осал еместігін, дегенмен солардың ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың орны ерекше, тәжірибесі де мол екенін тілге тиек етті.

Ол сияқты ішкі-сыртқы саясатта, экономика, заң шығару саласында өте тәжірибелі азаматтар санаулы. Соның бірі де, бірегейі – Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол тәуелсіздікті баянды етуге, шекарамызды шегендеуге, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіруге көп еңбек сіңірді, — деді Маулен Ашимбаев.

Осы кездесуде сөз алған ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин Елбасының ел үшін еткен еңбегіне ерекше тоқтала келе:

Елбасы транзиттік дәуірде тізгін ұстауға толық қақысы бар, тәжірибелі саясаткер деп Тоқаевты ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел басқарған еңбегін жақсы білесіздер. Ол – БҰҰ-да қызметте жүргенде қазақты танытқан бірегей тұлға. Үкімет басқарып тұрған кезінде елдің тұрмысын түзеуге атсалысты. Сондықтан Елбасының еңбегіне алғыс айта отырып, өзі ұсынған кандидатты қолдайық дегім келеді, — деді.

 

Алдыңғы ақпарат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болды

Келесі ақпарат

Музей қорына өткен жәдігерлер ғана ғасырлар бойы өз құндылығын жоймайды