МАҢЫЗДЫ :

nothing found

РЕДАКТОРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына іссапармен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанындағы «Мәдени мұра», «Қазына» ғылыми-танымдық журналдарының бас редакторы Қ.Искаков келген болатын.
 Іссапардың негізгі мақсаты – Түркістанда жерленген тарихи тұлғалардың аманат бойынша жерленуіне байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу. Ізденуші Қ.Искаковтың зерттеу тақырыбы «ХҮІІІ ғасырлардағы аманатқа жерлеу ғұрпы» деп аталады екен. Баршамызға белгілі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасында жерленген тұлғалардың саны 238 адамға жетіп отыр.
 Журнал редакторы Қ.Искаков музей-қорықтың кітапханасында арнайы музей-қорық мамандарымен журналға мақалалар жазу бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында «Мәдени мұра» ғылыми журналы әр тоқсан сайын оқырамандарға жол тартып отыратындығын, журнал Ғылым және жоғарғы білім саласындағы сапаны бақылау комитеті ұсынылған журналдар тізіміне енгізуді көздеп отырғандығын сонымен бірге, биыл Ұлттық музейі жанында «Қазына» ғылыми-танымдық журналының №1 саны оқырманға жол тартатындығын жеткізді.
 Кездесу барысында редактор музей-қорық мамандарына журналға мақалалар жіберу стандарттарымен таныстырды. Кездесу соңында музей-қорық директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары т.ғ.к. М.Тастанбеков «Мәдени мұра», «Қазына» ғылыми-танымдық журналдарының бас редакторы Қ.Искаковтың жұмыстарына сәттілік тілеп, шығармашылығына шалхар шабыт тіледі және музей-қорықтың баспа өнімдерін сыйға тартты.
Берік ҚЫСТАУБАЙҰЛЫ, бөлім басшысы.
Алдыңғы ақпарат

“Қожа Ахмет Ясауи және шежірелі Түркістан” республикалық көшпелі көрмесі Ақтауда

Келесі ақпарат

«ЖАС РЕСТАВРАТОР» ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА