МАҢЫЗДЫ :

nothing found

🔹 Қожа Ахмет Ясауи мұрасы – бүгінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін сарқылмас рухани қазына. Оқушылар арасында Ясауи ілімін таныту олардың ой-санасын кеңейтіп, тарихқа деген құрметін арттырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға зор үлес қосады. Осы мақсатта «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері аянбай еңбек етіп, жастарды рухани-танымдық тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда.

🔹 Бүгін Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушыларымен «Ясауитану» клубының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Ясауидің балалық шағы» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Дәрісті Ғылыми зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері А. Үркінбаева жүргізді.

🔹 Қожа Ахмет Ясауидің балалық шағы мен рухани жолының бастауы – бүкіл түркі халықтарының рухани тарихындағы маңызды кезең болып саналады. Ол халыққа мәңгілік үлгі болып, өмірі мен еңбегі арқылы имандылық, сабыр, әділдік, мейірім сияқты адамгершілік қасиеттерді дәріптеді.

🔹 Танымдық сабақ оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Мұндай дәрістер «Ясауитану» клубының жұмысы аясында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді, бұл жастарды рухани тәрбиелеуде маңызды орын алады.

А. Үркінбаева, ғылыми қызметкер.

Алдыңғы ақпарат

«КІТАПХАНАҒА СЫЙ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Келесі ақпарат

Тимурилер дәуіріндегі Йасауийа шайхтары: XIV және XV ғасырлардағы сопылық қауымдардың әлеуметтік және саяси рөлі туралы ескертпелер