Ақтөбе қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “Әзрет Сұлтан” Ұлттық музей-қорығының “Қожа Ахмет Ясауи және шежірелі Түркістан” көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.
Көшпелі көрмеге Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Батырхан Жолдас Нұрланұлы, Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы ЮНИСОВА Алтынай Юнисқызы,
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы БАЙНЕШОВ
Әлібек Мұқтарұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры ҚАРАБАСОВА Лаура Чапайқызы
сонымен қатар мәдениет, тарих және әдебиет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері, ардагер тұлғалар мен қала жастары қатысты.
Алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Жолдас Нұрланұлы Түркістан шаһарының қасиеті мен киелілігі, ғұлама-данышпан Қ.А.Ясауи мұрасының қазақ руханиятындағы орнына айрықша тоқталып өтті. Сондай ақ, сонау шалғайдағы Түркістанға сабылмай-ақ Ақтөбенің төрінде Түркістан жауһарларымен көріп, танысуға мүмкіндік сыйлаған музей-қорық басшылығына арнайы ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады
Ақтөбе өңірінен шыққан атақты тарихи тұлғалар, әйгілі Мөңке бидің әкесі — Шекті Тілеу батыр Айтұлы мен оның ұлы Жолдыаяқ батырдың Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленгені тарихтан белгілі. Батырдың бүгінгі ұрпақтары да шараға қатысып, шын көңілден шыққан жақсы ой-пікірлерін білдірді.
Атажұртымыздың алтын бесігіне айналған шежірелі Түркістанның терең тарихы мен тұтас түркі халықтарына ортақ киелі тұлға Ахмет Ясауидің мәңгілік мұрасын насихаттау — бүгінгі көрменің мақсаты болып табылады.
Ақжарқын Ақтөбе жұртшылығына асыға жеткен көшпелі көрме 15 қазанға дейін жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Қуаныш Ысқақ, көрме ұйымдастырушы.