ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Майкл Джон Гиффорд келді.
Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, қорық-музейдің құнды жәдігерлерімен танысып, тарихи мұралардың маңызы зор екенін жеткізді.
Сапар барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің арнайы қабылдауында болып, туристік байланысты нығайту бойынша пікір білдірді.
«Түркістан қаласындағы Ясауи кесенесі ЮНЕСКО сынды халықаралық ұйымның тізіміне енген Орта Азиядағы баға жетпес жауһарлардың бірі. Осының өзі әлем туристерін қызықтырады. Қазір туристер үшін көне заманнан бері сол қалпында сақталған жәдігерлер құнды. Алдағы уақытта біздің туристік компаниялар әріптестік танытуға дайын. Сондай-ақ, өңірдің ауыл шаруашылығы саласында британдық жаңа технологияларды енгізу бойынша келісім орнайды», – деді Майкл Гиффорд.