МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

2025 жылдың 4 қыркүйек күні «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Мониторинг орталығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау бойынша алдағы уақытта жүргізілетін шараларды талқылау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы ұйымдастырылды.

Жұмыс тобының отырысын «Қазқайтажаңарту» РМК-ның басшысы Шариязданов Олжас Қазбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Шараға «Қазқайтажаңарту» РМК және Ғылыми-зерттеу филиалының қызметкерлері, ғалым-реставраторлар Қ.Тұяқбаев, сәулетші Н.Имажанов, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы директорының м.у.а. Н.Дүкенбаев, сәулет және реставрация бөлімінің басшысы С.Агитаев, «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық шеберханасының меңгерушісі Қырым Алтынбеков, инженер-құрылысшы Л.Дубровскаялар қатысты.

Кеңес барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде 2025 жылы жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары, Кесененің қазіргі таңдағы сақталу жағдайы және алдағы уақытқа жоспарланған шаралар талқыланды.

Кеңесте музей-қорық директорының м.у.а. Нұрлан Мұсағалиұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілерді бақылауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Жұмыс тобының қорытындысы ретінде арнайы хаттама толтырылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдары нақтыланатын болады.

А.Кәрім, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімінің басшысы.

Алдыңғы ақпарат

Хабарландыру

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы мен Мемлекеттік Эрмитаж арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды