МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау бойынша зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинары өтті

2025 жылдың 17 сәуір күні Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитетінің қолдауымен 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы «Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау бойынша зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарын өткізді.

Семинар жұмысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі 2024 жылы жүргізілген кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналды. Семинар жұмысына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі, Ресей Мемлекеттік реставрация ғылыми-зерттеу институты (ГОСНИИР), «Қазқайтажаңарту» РМК және ғылыми-зерттеу филиалы, Қазақ сәулет және құрылыс ғылымдары академиясы, сондай-ақ реставрация, сәулет өнері маман-ғалымдары, бірқатар ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары қатысты.

Семинар барысында 2024 жылы кесенеде жүргізілген кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстар, кесененің сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылған заманауи және дәстүрлі зерттеу, қалпына келтіру әдістері, тарихи-мәдени ескерткіштердегі сақтауға бағытталған озық технологияларды қолдану (диагностикалық-мониторингтік зерттеулер, соңғы заманауи цифрлық құрылғыларды қолдану) тақырыбында есептер, пікір алмасулар болды. Семинар жұмысының қорытындысы ретінде арнайы хаттама жасалынып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдары нақтыланды.

А.Кәрім, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімінің басшысы.

Алдыңғы ақпарат

«Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» республикалық көрмесі ашылды

Келесі ақпарат

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЯСАУИТАНУ-2025» БАЙҚАУЫ ӨТТІ