МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Отырар ауданында Ясауи мұрасына және Түркістанға арналған көрме өтті

12 наурыз күні Отырар ауданы Шәуілдір ауылындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қызметкерлері өткізген «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімі» атты көрмеге қатысты.
Жас өрендер көрме барысында «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының жәдігерлері арқылы Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы және мұрасымен танысып, Түркістан қаласының тарихы жайлы білді.
Оқушылар «Ұлы даланың тарихи тұлғалары» мен «Түркістан және Отырар өлкелері» тақырыптары бойынша суреттер салып, өлеңдер шығарып, өз өнерлерін ортаға салды.
Алдыңғы ақпарат

«ЯСАУИТАНУ-2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Келесі ақпарат

Ясауия тариқатында халуәт (Бустан ул-мухиббин еңбегі негізінде)