МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қоржын, ХХ ғ.

Қоржынжүннен иірілген жіптен тоқылған қолөнер туындысы. Қоржынның көптеген түрлері бар. Қоржынның түкті кілем, тақыр кілем, алаша тоқу әдісімен тоқылған түрлері және мал баққанда жолға алып шығатын жазда суды ысытпайтын, қыста тамақты суытпайтын қалың киізден тігілген түрлері болады. Түйенің өркешіне, аттың екі қапталына асып алуға ыңғайлы болғандықтан қоржынды өз қажеттеріне қарай, әр түрлі заттар алып жүруге пайдаланған. Музей қорында қоржынның оннан аса түрі сақталған. Соның бірі түкті кілем тоқу әдісімен тоқылған қоржын. Қоржынды 2001 жылы Шаян ауылының тұрғыны М. Сұлтанова тапсырған. Қоржынның ұзындығы 1 метр, ені 50 см. болып жүннен тоқылған. Қоржынның беті түкті, ортасында «қошқар мүйіз» оюынан жасалған ромб пішнді өрнегі бар. жиектерін «сыңар мүйіз» оюымен өрнектеген. Қоржынның екі басын біріктіріп тұрған аралыққа геометриялық өрнек салынып тоқылған. Төсегі тоқ қызыл түсті, өрнектеріне ақ, қара, жасыл, сары, көк түстер пайдаланылған. Қорымызда сақталған бұл қоржын ат қоржын түріне  жатады. Атадан қалған осы асыл бұйымды халқымыз үй бұйымы ретінде бертінге дейін қолданып келсе, ал ауылдық жерлерде әлі де күнделікті қолданыста жүргенін байқауға болады. Жылқы малын көлік еткен қазақ үшін осындай қоржынды екі жақ басын теңгеріп тастап, ердің артына бөктеріп немесе алдына өңгеріп алсаң, ат үстінен ауып қалмайтын аса қолайлы бұйым. Мұндай дүниелер қорымыздағы құнды жәдігерлердің ортасынан ойып орын алары анық.

Алдыңғы ақпарат

Ақтоты Райымқұлова жұмыс сапарымен Түркістан қаласына келді

Келесі ақпарат

Жалаулы ата кесенесі, ХІ-ХІІ ғғ.