МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Ортағасырлық Сауран қалашығын абаттандыру мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сеитованың төрағалығымен кезекті ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтті

Басқосуға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры Жангелді Мақашев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Тасов, «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің өкілдері мен тарихшы, ғалымдар, мердігер мекеме басшылары қатысты.

Басқосу барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағындағы тарихи орындарды қайта жаңарту, жаңғырту жөніндегі жобаларды үйлестіру, ортағасырлық Сауран қалашығын абаттандыру, сапар орталығын салу және туристік әлеуетін арттыру, Күлтөбе қалашығының цитадель бөлігінің жабынын ретке келтіру, Отырар қалашығындағы қайта жаңғырту жұмыстары бойынша мәселелер талқыланды.

Алдыңғы ақпарат

«Қайырымдылық – қайырлы іс» атты мәдени қайырымдылық шарасы өтті

Келесі ақпарат

Фил сүресі