МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Кеше, 29 ақпан күні мектеп оқушылары арасында «Ясауитану-2024» республикалық байқауының Түркістан облыстық іріктеу кезеңі болып өтті. Байқауға облыстың барлық аудандарынан сайдың тасындай іріктелген 80 оқушы қатысып, өз мүмкіндіктерін сынады. Облыстық сайысты Түркістан облысы Білім басқармасына қарасты «Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ ұйымдастырды. Оқушылар екі кезең бойынша сайысқа түсті. Бірінші кезеңде оқушылар Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін жатқа айтудан сайысты. Нәтижесінде 80 оқушыдан екінші кезеңге 25 оқушы жолдама алды. Екінші кезең бойынша 25 оқушыдан 5 оқушы республикалық кезеңге өтті. Атап айтқанда, Келес ауданының оқушысы Насырхан Ғазиза, Сарыағаш ауданының оқушылары Атахан Ақмейір, Рахымбекова Хадиша, Сауран ауданының оқушылары Абдикадирова Одина, Нартайқызы Ұлмира ең жоғары ұпай жинап, республикалық кезеңге жолдама алды.
Облыстық сайыстың қазылар алқасының төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы Ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы Б.Байболов пен Түркістан облысы Білім басқармасына қарасты «Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы Б.Досболғанов республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілеп, ІІ, ІІІ орынға ие болған оқушылар мен олардың ұстаздарына ұйымдастырушылар атынан алғыс білдіріп, арнайы дипломмен марапаттады.
Республикалық байқауға жолдама алған оқушылар Насырхан Ғазиза, Атахан Ақмейір, Рахымбекова Хадиша, Абдикадирова Одина, Нартайқызы Ұлмира Түркістан қаласында ү.ж. 18-19 сәуір күні өтетін дәстүрлі «Ясауитану-2024» республикалық байқауында Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.
Жас өрендерімізге сәттілік тілейміз!
Б.Байбол, бөлім басшысы.
Алдыңғы ақпарат

«Ясауитану» байқауының Шымкент қалалық іріктеу кезеңі өтті

Келесі ақпарат

«ЯСАУИТАНУ-2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ