МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҚОҢЫРАТ, САҢҒЫЛ КҮЛЕН БИ ҮСЕНҰЛЫ (XIХ ғ.)

Күлен би өз заманында даңққа бөленген, қазақ даласында өшпес із қалдырған Үсен бидің ұлы. Ол 1819 жылы дүниеге келген. Тарихқа жүгінсек, шашасына шаң жұқпаған, дүлдүл, кесіп айтар Күлен бимен қарапайым халықты былай қойғанда, ел билігіндегілер де санасады екен. Күлен би Қожа Ахмет Ясауидің кесенесін жөндетуге қаржы аямапты. Үйір-үйір жылқысы мен қора-қора қойын да берген деседі. Сол кездегі кедей-кепшікке ақшалай да, малдай да қарасқанын құйма құлақ адамдар әлі күнге дейін ұмытпаған.
Күлен би Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген екен. Мұндай құрметке Ұлы даланың әйгілі, ерекше көзге түскен адамдары ғана ие болған. Күлен бидің әкесі Үсен би Ерубайұлы да өз заманында атақты тұлғалардың бірі саналған. Үсен би қазақтың басқа да билерімен бірге бірнеше ханды ақ киізге көтеру рәсіміне қатысқан тұлға ретінде айтылады. Күлен бидің арғы бабасы Саңғыл би болған екен.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 2011 жылғы 7 қарашада өткен Ғылыми-сараптамалық кеңесінің №8 хаттамасының шешімімен Саңғыл Күлен би Үсенұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тұлғалардың тізіміне енгізілген.
«Түркістанда жерленген қазақ билері» кітабынан
Алдыңғы ақпарат

С. БАҚЫРҒАНИ МҰРАЛАРЫ

Келесі ақпарат

Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды