«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінде «Елім менің жүрегім – тілім менің тірегім» фото көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты — Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай қорық-музей қорындағы тілге қатысты суреттер мен кітаптарды оқушыларға таныстыру, патриоттық сезімді ояту болып табылады.
Шара барысында қорық-музейдің ғылыми қызметкерлері Талғат Оразов пен Жалишова Индира тіл тақырыбы аясында баяндама оқып, оқушылармен пікір алмасты.