МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Нумизматикалық жәдігер «Буффало»

Музейдің нумизматикалық жәдігерлер қорындағы «Әлем халықтарының ақшалары» коллекциясындағы «Буффало» тиыны жайында.

Жәдігерді Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, №6 үйдің тұрғыны Ясин Зияда 2002 жылдың 4 қыркүйегінде музей қорына өткізген. Жәдігер АҚШ-тың 1935 жылы соғылған 5 цент номиналындағы монетасы. Мыс-никель қоспасынан соғылған. Тиынның бір бетіне АҚШ-тың байырғы тұрғындары үндістердің көсемінің бейнесі түсірілген. Көлемі: 21,2 мм. Салмағы: 4,700 г.

Америка құрама штаттарының сол кезеңдегі 5 цент құндылығындағы монеталары 75 % мыс, 25% никель қоспасынан соғылып отырған. АҚШ-тың бұл ақша түрі 1913 жылдан 1938 жылға дейінгі аралықта соғылып, айналымға жіберіліп отырған.

Бұл типтегі 5 цент номиналындағы монета үлгісі дизайнер, скульптор Джеймс Фрейзердің үлгісі бойынша жасалған. Үндіс бейнесінің моделі ретінде сиу, кайова, шайенн тайпаларының көсемдерінің бейнелері алынған. Бұл типтегі монеталар бірнеше түрге бөлінеді. Олар өзара реверс бетінің дизайнымен ерекшеленеді. Бірінші типтегі монеталарда бизон бейнесі үстіне номинал көрсеткіші түскен қырат үстіне түсірілсе, екінші типтегі монеталарда бизон астына «FIVE CENTS» деген көрсеткіш түсірілген тұғыр үстіне орналастырылған. Бұл үлгідегі 5 центтік ақшалар негізінен Денвер және Сан-Францискода соғылып отырған.

Негізінен тиынның аверсіндегі соғылған жылдық көрсеткіштің астында «F» түріндегі гравер Джеймс Фрейзердің (James Earle Fraser) монограммасы орын алып отырған. Алайда, біздің үлгіде ол белгі көрінбейді.

Кейінірек, 2006 жылы Америка Құрама Штаттарында үндіс көсемінің бейнесі түсірілген 5 центтік ақша үлгісінде «Буффало» атауымен  сынамдық көрсеткіші 99,99%  тұратын инвестициялық алтын ақша соғып шығарылған болатын.

Музей қорында сақтауға алынған 5 центтік монетаның аверсінде, тиын шеңберіндегі алаңды түгел ала үндістердің сиу тайпрасының көсемінің профильдік бейнесі түсірілген. Бейненің маңдай тұсында «Liberty», бейненің мойын тұсында 1935 деген сандық көрсеткіш түсірілген. Жылдық көрсеткіштің астында әдетте, «F» түрінде түсіріліп отырылған гравер Фрейзердің монограммасы біздің үлгіде сақталмаған немесе мүлдем түсірілмеген.

Егер, музей қорындағы тиын үлгісінде «F» түрінде беріліп отырған гравер монограммасы шынында да мүлдем тиын бетіне түсірілмегендігі анықталып жатса, бұл жәдігер әлемдегі бірегей, өте құнды жәдігерлер қатарынан орын алатындығы сөзсіз.

Тиын реверсінде, тиын шеңберіндегі алаңды түгел ала, тұғыр үстіндегі бизон бейнесі, оның үстіндегі тиын жиектерін бойлай, «United States of America», төменгі жиекте «Five cents» жазбаларының бедерлері түсірілген. Номиналдық көрсеткіш жазбасының астында «D» немесе «S» түріндегі ақша сарайының көрсеткіштері түсірілген тиын түрлері, немесе ақша сарайының көрсеткіші-әріптердің түсірілмеген Филадельфиялық үлгілері де кездеседі. Музей қорындағы бұл үлгіндай ешқандай ақша сарайын белгілеуші әріптер түсірілмеген, Филадельфиялық шекіме.

Алдыңғы ақпарат

«Біздің музей» жобасы аясында «Әзірет Сұлтан»қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлыменмен жүргізілген сұхбат

Келесі ақпарат

МҰХАММЕД ДАНЫШПАН ЗЕРНУКИ