МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Несвиж» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығымен ынтымақтастық орнады

Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен  «Несвиж» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы(Белорусь Республикасы) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.  Ұлттық мәртебелері бар екі музей-қорық та ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген, яғни адамзат үшін ортақ құндылықтарды сақтап отырған ерекше нысандар.

Екі кәсіпорынның ортақ мақсаты – тарихты құрметтеу және оны келер ұрпаққа аман жеткізу. Айта кетсек, «Несвиж» Ұлттық музей-қорығы – Радзивилл әулетінің ежелгі ордасы болған, Еуропа мәдениетінің маңызды ескерткіші.

Меморандум аясында мамандар тәжірибе алмасып, бірлескен көрмелер мен зерттеу жобаларын өткізуді жоспарлап отыр. Халықаралық байланыстар музей-қорық қызметкерлерінің  кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берері анық.

К.Есжанова, баспасөз хатшысы.

Алдыңғы ақпарат

Орталық Азия тарихы туралы ескерусіз қалған бір дерек: XVII ғасырлық Йасауийа агиографиясы – «Манақиб ал-ахйар»

Келесі ақпарат

ШЫРАҒДАН ХV ғ.