«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Әмина» балабақшасында 6 шілде – Елорда күніне орай «Нұрлы қалам – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік шара өтті.
Жиынға қорық — музейдің Экскурсия және насихат бөлімі мен Ғылыми зерттеу бөлімі қызметкерлері қатысып, көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері өнер көрсетіп, концерттік бағдарлама ұсынды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласын ұлықтау арқылы еліміздің болашағы жас ұрпаққа, бүлдіршіндеріміздің бойына сүйіспеншілік пен отансүйгіштік қасиетті дарыту, Отанымызға деген махаббатын арттыру.