МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Музейдегі тарих сабағы» жобасы

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының «Музей педагогикасы» бөлімінің ұйымдастыруымен ақпан-маусым айлары аралығында «Музейдегі тарих сабағы» жобасы аясында «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі», «Тарихи-мәдени мұраны сақтау – біздің борышымыз», «Жастардың рухани дамуы үшін музейге барып тұру маңызы», «Бұл палата музейге бару жастардың дамуы үшін маңызды деп есептейді», «Бұл палата музейді насихаттауда жоғарғы қаланы ұсынады», «Цифрлық музейлер дәстүрлі музейлерді алмастыра алады ма?» тақырыптарында музейлік сабақтар мен пікірсайыстар өткізілді.

Сонымен қатар, «С.Рахимов» атындағы жалпы білім беру мектебінде «Түркістан және Қожа Ахмет Ясауи» тақырыбында  және Ұлы Жеңістің  80 жылдығына орай Ә.Навой атындағы №13 мектеп-гимназиясында «Ерлік даңқы ешқашан өшпейді» тақырыбында танымдық сабақтар өткізілді.

Пікір сайыс тек мектеп оқушылар арасында ғана емес музей қызметкерлері арасында да болып өтті. 21 мамыр Мәдениет және қызметкерлер күніне орай музей қызметкерлері арасында «Әлеуметтік желі музей қызметкерлерінің жұмыс сапасының көрсеткіші бола алады ма?» тақырыбында пікірсайыс өте тартысты өтті.

Алдыңғы ақпарат

«Сәтті сәрсенбі» жобасы.

Келесі ақпарат

Ұлттық киім күні