МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Музей түні

18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» іс-шарасы аясында «Ясауи» музейінде, «Қожа Ахмет Ясауи» кесенесінде, «Визит» орталығында, «Қылует» жер асты мешітінде түрлі бағыттарда мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Осыған орай, «Музей педагогикасы» бөлімінің ұйымдастыруымен «Ойлан, тап!» экскурсия түріндегі викториналық ойын және «Жадыңда қалсын жәдігер», «Үздік селфи – Музей түні – 2025» тақырыптарында байқаулар өтті.