
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығының нумизматикалық жәдігерлер қорында 690 сынамалы күмістен соғылған монета сақталған. Бұл монета 1930 жылы Венгрия корольдігінің билеуші регенті адмирал Миклош Хортидің ел билігінде отырғанына 10 жыл толуына орай соғылған 5 пенго құндылығындағы күміс ақшасы. Монета гурты қабырғалы (рубчатый).
Монета аверсіндегі тиын жиектері жиектері шеңберлене түсірілген қысқа сызықтардан түзілген қоршаумен қоршалған. Қоршама астын ала тиын жиектерін бойлай «Vitez Nagybanyai Horthy Miklos Kormanyzosaganak 10 evfordulojara. 1930» (Миклош Хортидің билік басына келгеніне 10 толуына орай соғылған 5 пенго.) деген жазба түскен.
Ортадағы монета алаңында регент адмирал Хорти Миклоштың портреттік бейнесі түсірілген. Бейненің астыңғы жағында ұсақ әріптермен «SERA. N.L.» жазбасы жазылған.
Реверсінде аверсіндегідей қоршама ішіндегі монета жиегінің жоғарғы жағында «MAGYAR KIRALYSAG» (Венгрия корольдігі) жазбасы, төменде «5 PENGO» құндылық көрсеткіші түсірілген.
Ортадағы монета алаңында екі жағынан әйел бейнесіндегі қанатты 2 періштелер ұстап тұрған Венгрия корольдігінің қалқан бейнесіндегі гербі түсірілген. Қалқан бейнелі герб екі бөлікке, сол жақ бөлігі 7 Арпад жолақтарына бөлінген. Венгрия корольдігінің гербіндегі 7 жолақтар қызыл (червлень) және күміс түсті. Оң жақ бөлігінде бірыңғай қызыл түсті жолақ үстіне жоғарғы жағында апостол кресті бейнеленген, үстіңгі жағына алтын тәж бейнеленген үш шыңы бар жасыл түсті тау бейнесі орын алған. Тиын бетіндегі бейнелерде түстері берілмей тек, сұлбалы бейнесі түсірілген. Гербтің жоғарғы жағы әулие Иштван тәжімен көмкерілген.