МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Музей қорындағы Бухара әмірлігінің тангалары

Музей-қорықтың нумизматикалық жәдігерлер қорында Бұхара Әмірлігінің 1182/1768-1769 жылдан толықтай Кеңестер өкіметінің құрамына өткенге дейінгі аралықты қамтитын 365 дана күміс тангалары сақтауға алынған. Жәдігерлер музей қорына негізінен музей қорларын толықтытру мақсатында жүргізіліп отыратын қорза зат сатып ату шаралары арқылы сатылып алынған. Тангалар 10/9 сынамдағы күмістен соғылған. Көлемдері; 13-17 мм. аралығында. Салмақтарының орташа көрсеткіштері – 3,100 г.

900-800 сынамдық күмістен соғылған. Көлемдері кіші (13-17 мм. аралығы), пластинасы қалың (2-3 мм. құрайды). Әдетте, Бухара әмірлігінің тангаларының көлемдерінің  оларды соғуға арналған штемпельдерден кіші болуына байланысты, бедер іздері тиын шеңберіне толық түспей отырады. Осыған орай, ол кезеңнің тангаларының беттеріне түсіріліп отыратын бедер іздерінің толықтай реконструкциясын жасау қиындық туындатып отырады.

Музей қорында Маңғыттар әулетінің 3-ші билеушісі Шах-Мурад билігі тұсынан, Ресей империясының құрамына енгеннен кейін, ақша шекімелеуге тиым салынған 1901 жылға дейінгі аралықтағы тангалар жинақталған.

Тангаларды зерттеу барасында тиындардың екі бетіне де түсіріліп отырған жылдық көрсеткіштердің біршамасында екі түрлі жыл көрсетілген. Әдетте, бұл екі көршілес жылдар сандарынан тұрады.

Бұхара Әмірлігі, маңғыт тайпасынан шыққан билеуші Мұхаммед Рахим тарапынан 1756 жылы құрылған болатын. Ол, 1756 жылы үстем тап өкілдері мен дін қызметкерлерінің келісімімен хан тағына отырады. Осы кезеңнен бастап тарихта маңғыттардың билеуші әулетінің тарихы басталды.

Маңғыттар билігі тұсында Бұхара әмірлігінде өзіне дейінгі билеуші әулеттер тұсындағыдай сауда айналымында алтын (тилла, ашрафи), күміс (танга) және мыстан (фельс) соғылған ақшалар жүрген. Мыс ақшалар халық арасында «пұл», «мыс пұл» немесе, «қара пұл» деп те аталған.

Ақша соқтыру құқығына тек Әмір ғана ие болған. Ақша соғу ісі, әмірліктегі ең маңызды шаралардың бірі болғандықтан, ақша сарайы міндетті түрде әмірдің қамалының ішінде ғана іске асырылған. Әмір сарайының бір бөлігінде орналастырылған бұл орын «Кархана», «Сиккахана» немесе, «Зарбхана» деп аталған.

Бухара әмірлерінің сарайларын зерттеген О.А.Сухарева, сол тұстағы ақша шекімесін зергерлік ісінің бір бөлігі ретінде қарастырып, сарай ішіндегі шеберхана екіге бөлініп, «Карханоий танга» деп аталатын бөлігінде ақша шекімесі іске асырылып отырған деп атап өтеді. Ақша сарайы алтын немесе күміс сияқты құнды металдармен жұмыс жасайтын зергерлік шеберханалары сияқты жыл бойы үздіксіз жұмыс жасамай, белгілі мөлшердегі ақшаны соғып болған соң, жұмысын уақытша тоқтатып отырған. Д.А. Журковскийдің жазбалары бойынша ақша сарайы қызметі жылына екі рет белсенді жүріп, қалған уақытта тоқтатылып отырған.

Маңғыттардың алғашқы билеушілері тұсында ақшалар өздеріне дейінгі билеуші әулет – Жанидтер ақшаларынан тек беттеріне түсіріліп отырған билеушілер аттарымен ғана ерекшеленіп, сынам, салмақ көрсеткіштері ешқандай өзгеріске түспей, сол қалпында сақталып отырған болатын. Тек, маңғыттар әулетінің 3-ші билеушісі Шах-Мурад билік басына келген алғашқы жылы (1200/1784-1785 ж.) алдыңғы кезеңдердегі ақша ісі мен ақша типінен мүлдем бөлек ақша түрін айналымға жіберген ақша реформасы іске асырылды. Іске асырылған реформа бойынша ақшаның салмағы, сынамы, көлемі, шекімелеу техникасы, беттеріне түсіріліп отыратын жазбалардың мазмұны толықтай өзгеріске ұшырады.

Шах-Мурад жүргізген ақша реформасы бойынша тангалар таза күмістен, 0,7 мысқал (3,36 г.) салмақта соғылып, бұған дейін түрлі сынамда соғылып отырған тангалардың барлығы айналымнан шығарылып тасталды. Алтын тиллалар да дәл осы салмақта айналымға ендіріліп, бұдан былайғы сауда ісі тек тангалармен ғана емес, алтын тиллалармен де іске асырылуына жағдай жасады.

Шах-Мурад жүргізген ақша реформасы тұсында соғылған ақшалардың реформаға дейін айналымда болған ақша түрлерінен басты ерекшеліктері, алдыңғы кезеңдерде эмитент аты түсіріліп отырған бетке билеушінің өз есімі емес, әулет билігін құрушы Мухаммед Рахим бидің аты «мархум» эпитетімен түсіріліп отырған. Одан бөлек ақшаның келесі бетіне түсіріліп отырған діни мазмұндағы жазбалардың орнына ақша сарайының атауы – «Зарб Бухара-и Шариф» жазбасымен алмастырлды. Егер, бұған дейінгі ақшалардың соғылған жылдық көрсеткіштері тиынның бір бетіне ғана түсіріліп отырса, реформадан кейін соғылған жылдық көрсеткіш тиынның екі бетіне де түсірілетін болды.

Алдыңғы ақпарат

Бүгін «Түркістан» телеарнасының өкілдері көрмені тамашалап және арнайы түсірілім жүргізді.

Келесі ақпарат

ЖӘУДІР АНА МЕШІТ-МЕДРЕСЕСІ