МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Музей қорында сақталған тоқыма бұйымдар» атты көрме ұйымдастырылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын негізге ала отырып Түркістан қаласындағы М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебіне «Музей қорында сақталған тоқыма бұйымдар» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

Айтулы шара аясында қорық-музейдің экскурсоводы Г.Жүзбаева «Жәдігерлер сыры» тақырыбында лекция оқып, қызықты деректермен бөлісті.

Жиынға мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Көрмеге кесенеде сақталған ХІХ ғасырға тән жәдігерлер қойылып, олардың тарихы түсіндірілді.

Басқосуда оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, қызу пікірталас өтті.

Алдыңғы ақпарат

ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕРДІ ТАНУҒА ӨСКЕЛЕҢ ЖАСТАР ЫНТАЛЫ

Келесі ақпарат

«Әзірет-Сұлтан» қорық-музейі қорықшыларының жұмысы туралы бейнеролик