Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 4 шiлдедегi № 307-НҚ «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» бұйрығында сәйкес музей-қорыққа кіру билетінің бағасын Қазақстан азаматтары үшін– 300-1000 теңге аралығында, шетел азаматтары үшін – 1500-2000 теңге, ұжымдық келушілерге экскурсиялық қызмет көрсету — 1000-5000 теңге көлемінде белгіленген.








