МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ӘМІР ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ ҚҰНДЫ МҰРАЛАРЫ

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы жанынан құрылған «Ясауитану» клубында «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталған түпнұсқа жәдігерлер» тақырыбында Тайқазан мен Лауха жәдігерлері туралы дәріс өтті.
Сабақ барысында Тайқазан мен Лауханың тарихымен таныстырылып, құйылуы мен оюларының, өрнектеліп жазылған араб, парсы жазуларының ортақ тақырыптық, идеялық, символдық біртұтастығы мен ұқсастығы салыстырмалы түрде көрсетілді.
Сонымен қатар, қазақ қоғамындағы қазан ұғымының мәні, өрнектері мен жазуларының мән-мағынасы туралы жан-жақты мәліметтер берілді.
Сабақтың екінші жартысында, өткен сабақты пысықтау мақсатында қазан және ту туралы жұмбақтар жасырылып, мақал-мәтелдерді жалғастыр ойыны арқылы сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Сабаққа №14 Қазыбек би атындағы жалпы білім беретін мектебі, №21 М.Пошанов атындағы жалпы білім беретін мектебі, Номад интеллектуалды мектебінің оқушылары белсене қатысты. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға музейдің баспа өнімдері табысталды.
Жастарды ел тарихымен таныстыруға, тарихты сын көзімен талдауға, шығармашылықпен ойлануға, тарихи-мәдени құндылықтарды қастерлеуге және Отанды сүйюге, мемлекеттік рәміздер мен халық дәстүрлерін құрметтеуге, тәрбиелеуге бағытталған сабақ өз мақсатына толық жетті.
Дәрісті «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ғылыми зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері С.Шәметов өткізді.
Алдыңғы ақпарат

“Жарқ етіп жанып өткен жарық жұлдыз”