МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Мемлекеттік рәміздер – ел бірлігінің нышаны»

Биыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толып отыр. Мерейлі мереке қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Түркістан адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №14 жалпы орта мектебінің базасында «Мемлекеттік рәміздер – ел бірлігінің нышаны» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырды. Көрме экспозицясына 50-ге жуық фотоматериалдармен, еліміздің рәміздерінен сыр шертетін кітаптар қойылды. Көрме барысында оқушыларға арнап музей қызметкерлері мемлекеттік рәміздерге байланысты лекциялар оқып, викториналық сұрақтар дайындады. Сұраққа нақты әрі дұрыс жауап берген оқушыларға музей-қорықтың балаларға арналған кітапшалары табыс етілді.
Мәдени –көпшілік шараға қатысқан №14 жалпы орта мектебінің ұжымы музей-қорыққа ризашылықтарын білдіріп, келесі шараларды да бірлесе атқаруға шақырды.
Алдыңғы ақпарат

КЕСЕНЕНІҢ САҚТАЛУЫ

Келесі ақпарат

МЕШІТТІ МУЗЕЙЛЕНДІРУ