МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Мөр

Мөрбелгілі куәлікті, құжатты, заңды, қатынас құжаттарын растауға арналған қатынастық анықтама. Археология табыстарына жүгінсек мөр ерте замандардан белгілі. Қазақ жерінде, қазақ елінде көшпенділердің де өзіне тән белгілері болған. Әрбір батырдың, әрбір бидің, кейінірек әрбір ханның өзіне тән белгісі байрағынан басқа – мөрі де болған. Қазақ хандары арасында мөрді алғаш пайдаланған Әз-Тәуке хан болған.  Тарихты айқындайтын мөр аса құнды да маңызды жәдігер екені осы сала мамандарына белгілі. Мөр тарихын зерделейтін жаңа ғылым сфрагистика (грекше — σφραγις — қазақша аудармасы мөртану; таңбатану) XVIII-XIX ғасырларда пайда бола бастады. Бұл ғылым мөрді зерттей отырып жеке адамнан бастап мемлекеттің даму деңгейін анықтауға үлкен   рөл атқарып келеді.

«Әзірет Сұлтан» музей қорындағы мөр ХVІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген Түркістан өңіріне белгілі тұлға Үсенбай датқаға тиесілі болғандығымен құнды. Мөрдің тұғыры күмістен құйылып жасалып бетіне сопақша пішінді мыс пластина орнатылған. Осы мыс пластинаға араб әрпімен Хусейнбай бин Төлеген би 1252» деп жазылған жазуы бар. Мөрдің бетінің ұзындығы 3,2 см. болса, ені 2,7 см. Бұл мөрді 2007 жылы Қасымқұлов Бижігіт Жеңісұлының тапсырмасымен Ұзаиров Қожакелді музейге сыйға тартқан.

Алдыңғы ақпарат

Тарихи ескерткіштердің айналасына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш егілді

Келесі ақпарат

Түркістанда «Өзбекәлі Жәнібеков оқулары: Ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібеков» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті