МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Мұхтасар аль-Уиқая»

Кітап. «Мұхтасар ал-Уиқая» (Шариғат заңдарына түсініктеме) Араб-парсы тілінде жазылған. 1-496 бет. Ташкентте 1911 жылы  басылған. Өлшемі: 27х18 см.

Бұл кітапта шариғат заңдары баяндалған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (салла аллаһу алейхи уа сәлләм) бұл сөздің мағынасы: (Алланың салауаты мен сәлемі оған жаусын) деген мағынаны білдіреді. Хазіреті Мұхаммедтің аты аталған жерде айтылуға тиіс тіркес. Бұл сөз пайғамбарымыз Мұхаммедтің аты аталғанда міндетті түрде қосылып жазылады. Бұл кітапта шариғат мәселелері: неке қидыру, талақ (ажырасу)  пен ислам дінінің 5 парызы қамтылған. Олар: 1) Кәлимаи шаһадат (Аллаға иман келтіру) 2) намаз оқу, 3) ораза тұту, 4) зекет беру, 5) қажылыққа бару.

Исламның бірінші шарты Әрбір мұсылманның парызы Алланың бір жаратушы және жоқтан бар етуші екеніне  шынайы түрде сенуі керек. Сену дегеніміз тілмен айтып, жүрекпен  сезіну. Ол былайша айтылады: «Лә иләһә иллә Аллаһ, Мухаммадур расулаллаһ»  Бұл  сөздің мағынасы Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.а.у) оның елшісі. Мұның мағынасын білмей құр айтқанмен ол иман болып саналмайды. Әрқашан шын ықыласпен сеніп айту керек.

Екінші шарты намаз оқу. Араб тілінде «салә», көпше түрі (салауат, парсыша намаз) дұға ету, деген мағынаны білдіреді. Шариғатта намаз тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын құлшылық. Миғраж түні  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) ке 5 уақыт  намаз парыз етілді.

Үшінші шарты рамазан айында 30 күн ораза тұту. Ораза араб тілінде «ас-саум» яғни өз (нәпсісін тыю), (жаманнан алыстау) деген мағына береді. Ораза ниет етіп таң ағара бастағаннан кешке күн батқанша тамақ жемеу, ішпеу.

Төртінші шарты зекет беру «аз-закат» мағынасы (тазарту). Қоғамдағы кедейлерге берілетін садақа. Бақуатты адам  жылына бір рет  малының, дүние-мүлкінің қырықтан бір бөлігінен беруі тиіс.

Бесінші шарты қажылыққа бару. Арабша  «хаддж» (қасиетті жерге баруды ниет ету). Кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман ғана баруы міндетті.

Кітапты өткізуші: Өзбек ССР Навои облысындағы, Үшқұдық ауданының №88 үй тұрғыны Мұрашимов Латип өткізген.

Алдыңғы ақпарат

«Қасиетті Түркістан»

Келесі ақпарат

ЖЕБЕ, VІІ-VІІІ ғғ.