Күміс Қарсақбайқызы Сейітова ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
Күміс Сейітова 1970 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген
Жезқазған педагогикалық институтын, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті және «Болашақ» академиясын бітірген
Еңбек жолын 1993 жылы Жезқазған облыстық Қазақстан Жастар одағының екінші хатшысы болып бастаған
1995-1999 жылдары — Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану музей жетекшісі, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері
2000-2004 жылдары — Жезқазған тарихи-археологиялық музей директорының орынбасары, директордың бірінші орынбасары
2004-2005 жылдары – «Заң қызметкерлерін және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» ЖАҚ әдістемелік бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі
2005-2006 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тарихи-мәдени мұра департаментінің бас маманы, бөлім бастығы
2007 — 2008 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи-мәдени мұра департаменті директорының орынбасары
2009-2010 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және архив комитетінің бас сарапшысы
2010-2013 жылдары — Мәдениет комитетінің кинематография және театр өнері басқармасының басшысы
2013-2014 жылдары — Мәдениет және өнер істері комитетінің әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы
2014-2015 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Кинематография және театр өнері басқармасының басшысы
2015-2017 жылдары — ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары
2017-2019 жылдары — ҚР МСМ Заң қызметі департаментінің директоры
2019-2021 жылдары-ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры
2021 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды