МАҢЫЗДЫ :

nothing found

КІТАПХАНА ҚОРЫ АСА ҚҰНДЫ КІТАПТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Мүбәрәк Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың «сапардан оралған кісі әуелі үйінен бұрын мешітке түсу керек» дейтін әдебі бойынша қажылық сапардан оралып келе жатқан Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Көлтоған елді мекенінің тұрғыны Сейітов Асқар Мұхамметжанұлы ағамыз Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесіне арнайы зиярат етіп келген болатын. Ағамыз қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған, Ясауи жолын үлгі тұтқан, мәшһүр шайыр Шәді төре Жәңгірұлының (Жаһангерұлы) шөбересі болса, Шәді бабасы Ясауи бабамыздың кесенесінде жерленген Абылай ханның шөпшегі болып келеді. Қажылық сапарының алдында әуелі Ясауи бабамыз бен кесенеде жерленген еліміздің игі жақсыларына дұға оқып, үлкен жолға шыққан ағамыз бұйырса қайтар жолда да бабамызға келіп дұға бағыштайтынын, әрі отызға жуық жыр-дастандар жазып қалдырған бабасы Шәді Төре Жәңгірұлының еңбектерінен бір еңбегін тауып ала келетінін айтып, уәде беріп еді. Ағамыз сол уәдесінде тұрып, әуелі 1914 жылы Ташкентте, кейіннен 2003 жылы Алматыда «Арыс» баспасында қайта жарық көрген, Қазақстан мен Орта Азия халықтарына кеңінен тараған Шәді Төренің қадымша хатталған «Назым Сияр Шәріп» атты дастаны мен қажылықта Меккеден арнайы сыйға алған Құран Кәрімін кесенеге сыйға тартты.
Шәді Төренің «Назым Сияр Шәріп» атты бұл дастаны ардақты Пайғамбарымыздың өмірін өлеңмен баяндаған, қазақ тіліндегі бірегей, тұңғыш туынды деуге болады.
Кітап қадим жазуын оқып үйренем деушілерге, медресе шәкірттері үшін Ислам тарихы пәніне қосымша құрал ретінде және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаянын білгісі келетін көпшілік қауымға өте құнды рухани қазына.
Алдыңғы ақпарат

15 ТАМЫЗ — АРХЕОЛОГТАР КҮНІ

Келесі ақпарат

МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ l ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ