МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«КІТАПХАНАҒА СЫЙ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

🔹 «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында рухани құндылықтарды насихаттау, оқырман мәдениетін дамыту және кітапхана қорын толықтыру мақсатында дәстүрлі «Кітапханаға сый» жалғасуда. Бұл игі шараның негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқудың маңызын арттыру, сондай-ақ сыйға тартылған басылымдардың мәдени-ағартушылық құндылығын кеңінен таныту.

🔹 Акция аясында музей-қорық директорының м.а. Нұрлан Дүкенбаев музей-қорықтың кітапханасы мен Ясауитану ғылыми орталығының кітапханасына бірқатар кітаптарды тарту етіп, бастаманың маңызын айшықтай түсті. «Кітапханаға сый» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, дәстүр ретінде тұрақты түрде өткізіледі.

🔹 Жиналған кітаптар музей кітапханасының арнайы қорынан орын алып, келушілер мен зерттеушілер үшін қолжетімді болады. Мұндай ізгілікті іс музей қызметкерлерінің кітапқа деген құрметін ғана емес, сонымен қатар рухани ортаның қалыптасуына, жас ұрпақтың білімге деген ынтасын арттыруға зор үлес қосады.

А.Әлібек, баспасөз хатшысы.

Алдыңғы ақпарат

Түркі машайықтары және Ходжаган: Йасауийа және Нақшбандийа сопылық дәстүрлері арасындағы байланыстарды қайта қарастыру

Келесі ақпарат