МАҢЫЗДЫ :

nothing found

КІТАПХАНАҒА СЫЙ АКЦИЯСЫ

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы 25 қазан – Республика күні, 24 қазан – Кітапханашылар күні мерекелеріне орай музей қызметкерлері арасында «Кітапханаға сый» акциясын ұйымдастыруда.
 Акцияның алғашқы күні 90 дана кітап, 40-қа жуық ғылыми журналдар жинақталды.
Атап айтқанда тарихи әдебиеттер саны – 15 дана кітап, этнография саласы бойынша 10 дана кітап, археология саласы бойынша 5 дана кітап, сөздіктер бойынша 20 дана кітап, балалар әдебиеті бойынша 10 кітап, көркем әдебиет саласы бойынша 20 дана кітап, орыс әдебиетіне қатысты 10 дана кітап және «Қазақстан тарихы» ғылыми журналының 40-қа жуық саны қабылданды.
 «Кітапханаға сый» акциясы музей-қорықта алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш кітап акциясы бір ай бойы жалғасатын болады. Музейдің ғылыми кітапханасына кітап сыйға берем деушілерге есігіміз әрдайым ашық.
Жақсылыққа жаны құмар ағайынды, «Кітапханаға сый» акциясына қатысуға шақырамыз!
 Мекен-жайымыз: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі, 53 А. «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсе үйі. Байланыс телефоны: +7 701 567 6162.
Алдыңғы ақпарат

ЖАС РЕСТАВРАТОРЛАР ҮЙІРМЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Келесі ақпарат

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ