МАҢЫЗДЫ :

nothing found

КІТАП ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Бүгін Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының IV отырысы» тақырыбында зиялы қауым өкілдерінің басқосуы өтті. Басқосу шарасында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD, қолжазбатанушы ғалым А.Жамашевтің «Қолжазбаларды ғылыми айналымға енгізу тәжірибесі: Ибн һиммат әд-Димашқидың «Хуласа ән-Нухба» еңбегін тахқиқтау үдерісі» тақырыбында баяндама жасаумен басталды.

Ғылыми жиынның екінші бөлімінде «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы профессор Девин ДиУистің мақалаларынан тұратын «Қазақстан мен Орталық Азиядағы Ислам және Йасауийаның мәдени тарихы» еңбегінің таныстырылымы өтті. Кітаптың таныстырылымы жөнінде Ясауитану ғылым орталығының басшысы С.Моллақанатұлы кітаптың мазмұны мен ондағы негізгі бөлімдеріне тоқталды.

Шара соңында аталмыш кітаптың тұсаукесері өткізілді. Кітаптың лентасын «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының м.а. Н.Дүкенбаев, ғалым, PhD А.Жамашев, тарих ғылымдарының кандидаты З.Жандарбек, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Т.Қыдыр кесті.

Б.Байбол, ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы.

Алдыңғы ақпарат

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Келесі ақпарат

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ