МАҢЫЗДЫ :

nothing found

КЕСЕНЕГЕ КЕЛУШІЛЕРГЕ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНА САЙ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫЛУДА

Түркістан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М. Байтүгелов пен бас маман А. Алтыбаев «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келіп, санитарлық ереже мен нормалардың сақталуын тексеріп кетті.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы аумағы азаматтардың көп шоғырланатын жері болғандықтан карантин талаптарын сақтау маңызды рөл атқарады.

Осы орайда, қорық-музей басшысы Нұрболат Ахметжанов санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, дене қызуын өлшеу) және келушілердің маскасыз кіруіне жол бермеу, арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстармен таныстырды.

Айта кетсек, сенбі және жексенбі күндері зиярат жасап келушілердің саны көп болатындықтан қызметкерлер де арнайы кестеге сәйкес жұмысқа тартылған.

Алдыңғы ақпарат

«Ұлы даланың жеті қыры» көрмесі ашылды

Келесі ақпарат

Гауһар ана кесенесінің жанына гүлдер мен жеміс ағаштары егілді