МАҢЫЗДЫ :

nothing found

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІ ТАМАШАЛАУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

Музей-қорық жыр алыбы Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінде «Қожа Ахмет Ясауи мұралары» тақырыбындағы көшпелі көрме мен «Музей қорындағы сақталған Қожа Ахмет Ясауи мұралары» тақырыбында дәріс өткізді. Көрме мен дәріске Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары қатысты.
Шара – қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, ұлы баба өнегесімен оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, музей ісіндегі балалармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруды мақсат тұтады.
Көрме экспозициясына 50-ден астам жәдігерлер қойылды. Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Миратул Қулуб», «Рисалла дар адаби тариқат» кітаптары мен музей қорында сақталған этнографиялық жәдігерлер және 1871-1872 жж. А.Кунның «Түркістан альбомы» кітабында жарияланған кесене, ондағы тайқазан, лауха, есіктер, кесене маңындағы тарихи орындардың фотосуреттері көпшілікке таныстырылды.
Көрменің экскурсиясын музей-қорықтың кіші ғылыми қызметкері Т.Оразов жүргізсе, кіші ғылыми қызметкер С.Байсеит «Музей қорындағы сақталған Қожа Ахмет Ясауи мұралары» тақырыбында дәріс оқыды.
Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінің әкімшілігі шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтып, алдағы уақытта да тақырыптық көрмелер мен кездесулер, дәрістер жалғасын тапса деген ұсыныстарын білдірді.
Алдыңғы ақпарат

Халықаралық «Қазақстан музей конгресі» — әлемдік музей ісін жетілдіру шарасы

Келесі ақпарат

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ