Ертең, 28 тамыз күні «Әзірет Сұлтан» музей-қорығында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туған күніне орай «Өзбекәлі Жәнібеков және музей ісі» атты көрме ашылады. Бұл шараның бір ерекшелігі — көрме ашылардан алдын Өзбекәлі Жәнібековтың сүйікті тағамының бірі «Құрт езбесіне дайындалған кеспе көже» – шеберлік сағаты өтеді. Ал көрменің ашылу салтанатынан соң «Қазақстандағы музей ісін дамыту мәселелері» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел мәжілісі болады.
Көрме орыны: «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының «Түркістан тарихы» музейі.
Уақыты: 11:00-де.
Келіңіздер, көріңіздер!