Табақ 2005 жылы Ясы-Күлтөбе қаласында жүргізілген археологиялық қазба кезінде табылған ХV-ХVІ ғғ. тән. Табақ, қыштан шыңылтырланып, іші – сырты ақ түске боялып, ішкі бетіне көк түспен өсімдік, сыртқы бетіне ою тәрізді өрнектер салынған. Сынықтардан құралған, ернеу жағының бөлшектері толығымен, және денесінің кей жерлерінің бөлшектері жетіспейді.
Реставрация кезінде жәдігердің ернеу жағының бөлшектері толығымен , және денесінің кей жерлерінің бөлшектері гипске пва желімі қосылып, гипс үстіне жәдігердің түсіне сәйкес бояумен (гуашь) боялып өсімдік өрнек суреті салынып,үстінен түссіз лакпен сырланып, қайта қалпына келтірілді.
Табақтың метрологиялық көрсеткіштері:
Ернеуінің диаметрі – 38см
Түбінің диаметрі –10 см
Биіктігі –10см.









