МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҮЙІРМЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ДӘРІСІ ӨТТІ

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы жанынан «Ясауитану» клубы, «Жас археологтар», «Жас экскурсоводтар», «Жас реставраторлар» үйірмесі өз жұмысын бастағанын хабардар еткен болатынбыз. Қаламыздағы мектеп оқушылары биылғы оқу жылынан бастап, осы аталмыш үйірме орталықтарына келіп, өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады.
 Үстіміздегі жылдың 16-17 қазан күндері қаламыздағы №3 Хамза атындағы жалпы орта мектебі, №14 Қазыбек би атындағы жалпы орта мектебі, Даму интеллектуалды мектебінің оқушылары «Ясауитану» клубының алғашқы дәрісіне қатысты.
 Оқушылар айына екі мәрте үйірме орталығына келіп, ғылыми қызметкерлерден әртүрлі тақырыптар бойынша білімдерін шыңдайды. Мектеп бағдарламасында оқытпайтын Қожа Ахмет Ясауи мұрасы, оның кесенесі, ондағы жазулар, Түркістан қаласының тарихы, музей-қорық қорында сақталған жәдігерлердің тарихына қатысты дәрістер жыл бойы оқушыларға оқылатын болады. Музей мамандары оқушыларға дәрістерді көбінесе тарихи орындарда, ойын сабақ түрінде, эссе, шығармалар жазу, мектепаралық ғылыми жоба байқауларына арнайы дайындайтын болады.
 «Ясауитану» клубының алғашқы дәрісін музей-қорықтың кіші ғылыми қызметкері Ұ.Жүнісбаев «Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жазулардың мәні» тақырыбында өтті. Оқушылар алғашқы дәрістен алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы уақытта мектептерінде бірге оқитын құрбы-құрдастарын дәрістерге ертіп келетіндіктерін жеткізді.
Б.БАЙБОЛ, бөлім басшысы.
Алдыңғы ақпарат

КӨШПЕЛІ КӨРМЕ АТЫРАУҒА КЕЛДІ

Келесі ақпарат

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТЕДІ