МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҮЙІРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗЕКТІ ДӘРІС ӨТТІ

 Қаламыздағы мектеп оқушылары биылғы оқу жылынан бастап, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы жанынан құрылған «Ясауитану» клубы, «Жас археологтар», «Жас экскурсоводтар», «Жас реставраторлар» үйірмелеріне келіп, өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алғандығын бұған дейін айтқан болатынбыз.
 «Ясауитану» клубының алдыңғы сабағы «Қожа Ахмет Ясауиге байланысты аңыз-әфсаналар» тақырыбында өткен болатын. Кезекті сабақ шығармашылық тақырыбына арналды. Оқушылар екі дәрісте тыңдаған әртүрлі образдағы кейіпкерлерді қылқалам арқылы суреттеді. Дәріс музей-қорықтың үйірме орталығында ұйымдастырылды. Шығармашылық сабақты кіші ғылыми қызметкер Т.Оразов жүргізді. Сабаққа №14 Қазыбек би атындағы жалпы білім беретін мектебі, М.Пошанов атындағы жалпы білім беретін мектебі, Даму мектеп-интернаты, №24 жалпы білім беретін мектебінің 6-7 сынып оқушылары қатысты.
 Даму мектеп-интернатының 6 сынып оқушысы Есенәлімұрат Қарақаттың «Аманат құрмасы» суреті, М.Пошанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Иманбай Алмастың «Қожа Ахмет Ясауидің алғашқы кереметі» суреті, М.Пошанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Амантұр Ұлкәусардың «Аманат құрмасы» суреті, №24 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Абдулла Сайдрахманның «Қожа Ахмет Ясауидің алғашқы кереметі» суреттері мамандар көңілінен шығып, үздік деп бағаланды.
 Үйірменің келесі сабағы үстіміздегі жылдың 27 қарашасында ұйымдастырылады. Дәрісті музей-қорықтың инспекторы Ә.Тұрсұн «Өлкенің тарихи ескерткіштері» тақырыбында өткізетін болады.
Берік ҚЫСТАУБАЙҰЛЫ, бөлім басшысы.
Алдыңғы ақпарат

Қазақстан мен Франция президенттері Гиме азиялық өнер музейіне барды

Келесі ақпарат

КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМДЫ ДӘРІС