Түтін салғыш түтіндеткіш. 2008 жылы Қаратөбе археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған, ХІІ-ХІІІ ғасырға тән. Түтіндеткіш дөңгелек пішінділеніп, денесіне оймышталып, ою өрнек салынып араларына ойықтар жасалған. Төменгі жағының арасы қуыс, тұғыры болған. Денесімен тұғыры қосылған жеріне өрнектеп жапсырма жапсырылған. Денесінің бір жаны, жоғары жағы, тұғыры сынып жоғалған, әр жерінің ойылған жерлері ұшқан. Бұдан алдын жаңғырту жұмысы жасалынбаған.
Жаңғырту жұмыстары барысында жәдігердің жоғарғы бөлігі гипспен толықтырылды, өзінікі іспеттес қошқар мүйіз ою өрнек салынып араларына ойықтар жасалынды. Төменгі жағының тұғыры Өзбекстанның Ежелгі дәуірдің мәдениеті мен өнері атты кітабында осы түтіндеткіш ұқсас кездесетін жәдігерлерге қарап астынғы тұғыры жаңадан толықтай гипспен жасалынды, тұғырға жоғарғы төменгі жағына айналдыра ромбик сызықтар ойылып, тұғыр ортасына терезе тәріздес үш ойық жасалынды. Гипске пва желімі қосылды, гипс үстіне жәдігердің түсіне жақын бояумен (гуашь) , боялып қайта қалпына келтірілді.
Жәдігердің метрологиялық көрсеткіштері:
Ернеуінің диаметрі –8 см,
Түбінің диаметрі -11 см,
Биіктігі-31см.









