«Әлемдік мәдени мұра ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету және зерттеуде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану»
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК (Түркістан қ.) және «Мемлекеттік реставрация ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу мекемесі (Мәскеу қ.) ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысуға шақырады.
Өтетін уақыты: 16 сәуір, 2024 жыл.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы.
Семинар тақырыбының негізгі бағыттары:
- Дүниежүзілік мұра ескерткіштерін жанама әсерлерден сақталуын қамтамасыз ету. Климаттық факторлар мен жер асты суларының әсерінен қорғау.
- Ескерткіштерлің тұрақты түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін құрылыс жылу физика әдістерін қолдану.
- Ескерткіштерді пайдалану алгоритмін әзірлеу және сақтау жағдайларын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаның әсерін бақылау.
- Дүниежүзілік мұра объектілерін басқару мәселелері (менеджмент жоспарды әзірлеу және қолдану)
- Орталық Азия ескерткіштерін зерттеу мен сақтауда құрылыс термофизика әдістерін қолдану.
Семинардың ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері
Семинарға Республикамыздағы және шетелдердегі тарих, реставрация, сәулет өнері, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен зерттеушілер, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары қатыса алады.
Семинарды ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
161200, ҚР Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әйтеке би 1 Б, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, тел (факс) 8 (725-33) 3-23-00, 8 775 315 10 89 e-mail: azret-sultan@mail.ru, asil.karim89@mail.ru. Кәрім Асылхан Әбдіқалиұлы
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:
- Көлемі 5-7 беттік компьютер басылымында Times New Roman, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал.
- Баяндама тақырыбы ірі шрифтпен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстіңгі оң жағына автордың аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жазылады.
- Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңына араб цифрларымен тік бұрышты жақшаның ішіне алынып [1. 5 б.] беріледі.
- Қожа Ахмет Ясауи есімі 2007 жылы 15-16 қарашада өткен Республикалық конференцияның қарарына сәйкес «Я» – әрпімен және бір «с» әрпін қолданып жазылуы тиіс («Иасауи» немесе «Яссауи» емес «Ясауи» болып жазылады).
- Мақала соңындағы түйін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілуі керек.
6.Ұйымдастыру алқасы сапасыз, қойылған талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды кері қайтаруға құқылы.
Семинарға қатысу үшін баяндамалар ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2024 жылдың 20 наурызына дейін жіберілуі тиіс.
Семинарға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші мекеме есебінен төленеді.
Тіркеу қағазы
- Фамилия
- Аты
- Әкесінің аты
- Ғылыми атағы
- Мекеме аты (ғылыми мекеме, ЖОО, мекен-жайы т.б.)
- Автордың мекен-жайы (пошталық индексі міндетті)
- Е-mail (міндетті)
- Телефон / факс
- Баяндаманың атауы /мақала/
- Қажетті техникалық құралдар
- Қонақ үйден орын қажеттігі (ия, жоқ)