Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне оқу-таныстыру тәжірибесінен өтуге келді.
Болашақ кәсіби қызметінің негіздері және оның мақсаты мен міндеттерімен танысу, таңдаған кәсіптің ерекшеліктері туралы мәліметтер алу мақсатында экскурсия жүргізу жұмысымен танысқан студенттер қорық-музейге қарасты тарихи орындарды аралап, деректерін тыңдады.
Экскурсия барысында туристер және зияратшылармен жұмыс жүргізу, қызметтік этика, дұрыс қарым-қатынас орнату, біліктілік жайлы мәліметтер беріліп, тапсырмалар жүктелді.