Ғылыми-зерттеу бөлімі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ғылыми құрылымдық бөлімі болып табылады. 1990 жылы құрылған бөлім Қазақстан Республикасы заңына және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК жарғысына, даму жолын айқындайтын тұжырымдамасына, сондай-ақ, жалпы ережелерге сәйкес жұмыс жасайды.
Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Байболов Берік Қыстаубайұлы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Заң және философия» факультетінің түлегі. 2008 жылы аталған университеттің «Философия» мамандағының магистратурасын үздік бітірген. Кіші ғылыми қызметкер, Экспозиция және көрме тобының жетекшісі, ғылыми қызметкерден Ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушілігіне дейінгі атқарған қызметтерінде өзінің ұйымдастырушылық қабілетін таныта білді. Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойлық медалімен, «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған. Бірнеше ғылыми, танымдық мақалалардың авторы. «Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне 40 жыл» альбом кітабы (2018 ж.), «Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар» (2019 ж.)., «Түркістанда жерленген қазақ билері» (2020 ж.), «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» (2020 ж.) кітаптары жарық көрген.
Бөлімде 3 ғылыми қызметкер, келісім-шарт негізінде 6 ғылыми қызметкер, 3 кіші ғылыми қызметкер, кітапханашы және 1 суретші-безендіруші жұмыс жасайды. Бөлімінің ғылыми қызметкері Шәметов Сәкен Таласбекұлы Шымкент педагогикалық институтының «Тарих» факультетін тәмәмдаған. Қорық-музейде 2018 жылдан бастап кіші ғылыми қызметкер, 2019 жылдан бастап ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды. Үркінбаева Айгүл Жәнібекқызы 1994 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтының «Тарих және құқықтану» мамандығын бітірсе, екінші бір ғылыми қызметкер Арынова Динара Сүйіндікқызы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Тарих» факультетін тәмәмдап одан әрі білімін ұштап, 2004 жылы аталған университеттің «Тарих» мамандағының магистратурасын бітірген. Қорық-музейде 2012 жылдан бастап кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, кіші ғылыми қызметкер, қазіргі таңда ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Ергөбек Құлбек Сәрсенұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Садықов Сейдолла, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор, ясауитанушы Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қожа Мұхтар Бахадүрұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Хазіретәлі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жандарбек Зікірия Заманханұлы ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарады. Оразов Талғат Болатұлы 2007 жылы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Заң және философия» факультетін тәмәмдаған. Қорық-музейде 2008 жылдан бастап музей қараушы, экскурсовод, 2018 жылдан бастап кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарса, Джалишева Индира Қазыханқызы 2010 жылы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Археология және этнология» мамандығын тәмәмдаған. 2019 жылдан бастап кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарады. Байсейіт Сұлтан Ерланұлы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дінтану» факультетінің түлегі. 2019 жылы аталған университеттің «Дінтану» мамандағының магистратурасын бітірген. 2019 жылдан бастап кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарады. Көпеева Меруерт Әлиқызы 1986 жылы Жамбыл мәдени ағарту училищесін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Қорық-музейде 1997 жылдан бастап кітапханашы болып қызмет атқарады. 2017 жылы «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісімен, 2018 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Өзіндік қолтаңбасын айқындатып оның туындылары бірнеше рет көрмелерге қойылған Бөгенбаев Қанат Қанжігітұлы 2011 жылы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Тарих» факультетін тәмәмдаған. Қорық-музейде 2016 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Бөлім қызметкерлері музей ісі бойынша ғылыми әдебиеттер, белгілі бір тақырыпта өлке тарихын жинау мен зерттеуді ұйымдастырады. Сонымен бірге, ғылыми мәліметтерді, бақылау нәтижелерін талдау мен теориялық жинақтау жүргізе отырып, музей ұйымдастырған ғылыми далалық экспедицияларға, іс-сапарларға қатысып, ғылыми материалдар жинаумен, жаңадан табылған тарихи-мәдени құндылықтарды ғылыми өңдеумен айналысады. Ізденістерінің нәтижесін баспасөз беттерінде ғылыми, танымдық мақалалар жазып жариялап отырады. Тақырыптық, көшпелі көрмелер ұйымдастырумен қатар, экспонаттар жинап музей қорын толықтырады.
Бөлім қызметкерлері екі жылда бір рет «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркістан» атты халықаралық конференция ұйымдастырады. Сонымен бірге, жыл сайын мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану» республикалық байқауын өткізеді. Бұдан басқа еліміздегі айтулы мерейтойлар мен ғылыми өзекті тақырыптарда конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіп келеді.
Ғылыми зерттеу бөлімі қызметкерлері соңғы жылдары 200-ден аса тақырыптық, көшпелі көрмелер ұйымдастырды. Оның 150-ден астамы музейде ұйымдастырылса, 100-ге жуық музейден тыс жерлерде өтті. Ғылыми зерттеу жұмыстары, конференция, симпозиумдарда 250-ден аса мақала жарияланса, бұқаралық ақпарат құралдарында 180-нен астам танымдық түрлі тақырыпта жазылған мақалалар жарық көрді.
Бөлім қызметкерлері соңғы жылдары «Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне 40 жыл» альбом кітабы (2018 ж.), «100 аңыз» кітабы (2018 ж.), «Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар» (2019 ж.)., «Түркістанда жерленген қазақ билері» (2020 ж.), «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» (2020 ж.), «100 легенд» (орыс тілінде) (2020 ж.), «100 legends» (ағылшын тілінде) (2020 ж.) кітаптарын жарыққа шығарды.
Бөлім ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыру мақсатында, еліміздегі Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейімен, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен, үш жоғары оқу орнымен, Ә.Марғұлан атындағы археология институтымен, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен, Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімінің Археология және этнография институтымен, Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Ясауитану» ғылыми зерттеу орталығымен, орта арнаулы білім беру колледждерімен, туристік агенттіктермен өзара ынтымақтастық келісім шартына қол жеткізді.
Бөлім басшысының электронды адресі:
Байланыс сымтетігі 872533 3-23-00.
Моб.:+77756590023, ватсап +77775567305.