МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ГАРНИЗОН ШТАБЫ, ХІХ ғ. аяғы.

ХІХ ғасырдың тарихи-сәулет ескерткіші. Республикалық маңызы бар. Орналасқан жері Әйтеке би  көшесі, №1Б. Казарма ғимаратымен қатар тұрған бұл құрылыс Түркістан гарнизоны кешенінен сақталынған екінші ғимарат. Типтік жобада тұрғызылған, қабырғалары кірпіш, сыланбаған, іргетасы тастан қаланып,  шатыры қаңылтырмен жабылған. Штаб ғимараты «кірпіштік стиль» үлгісінде тұрғызылған. Бір қабатты, құрылымы тік бұрышты болып келіп есігі көше жақ бетінде орналасқан. Қабырғалары кірпіштен, іргетасы тастан қаланған, кіретін есігі және терезе жақтаулары  кірпішпен  өрнектелген.

Гарнизон штабында мемлекеттік банктен соң 1990-шы жылдары Қазынашылық банк жайғасты. Ғимарат 2019 жылдан бастап «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының меншігіне өтті. Қазіргі таңда ғимаратта музей-қорықтың бірнеше бөлімдері орналасқан.

1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша жинағына №594.1 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған.

Ал, 1875-1885 жж. салынған алғашқы ғимарат Түркістан қаласына орналасқан атқыштар батальонының әскери штабы ретінде пайдаланылған. Алғашқы қалаға кірген Н.А. Веревкиннің отрядында 5 рота жаяу әскер, 2 казактар жүздігі, 100 қазақ еріктілері, 44 офицер мен 1593 төменгі шенді қызметкерлер болды (жалпы саны 2440-тай адам). 1864 ж. күзде қалада шамамен 500-дей әскер болған. Иқан түбіндегі соғыста В.Р.Серов басқарған орыс әскрелерінің саны 114 адам болса, қаладан оларға көмекке 220 адамнан тұратын отряд жіберілерді. Оған қоса қаланы қорғауға 150 солдат қалдырылады десек жалпы саны 500-дей болады. Бұған кемі 40-50 адам болатын офицерлерді де қосу керек. Қала цитаделінде (кесененің СШ беті) екі үлкен казарма солдаттарға арналып салынды, кіші офицерлерге арналып тағы бір казарма цитадель мен осы гарнизон штабының арасына тұрғызылды. Гарнизон штабына қарама-қарсы орналасқан әскери Лазарет (емхана) кеңес дәуірінде «роддомға» айналдырылды, ал С.Ерубаев музейіне қарама-қарсы орналасқан әскери гауптвахта кеңес дәуірінде НКВД түрмесіне айналды. Қазіргі қалалық спорт мектебінің әкімшілігі отырған жай орыстар 1880-ші жылдары салған Әскери Николай шіркеуі болып табылады.

Гарнизон штабында мемлекеттік банктен соң 1990-шы жылдары Қазынашылық банк жайғасты. Ал, 2019 ж. мұнда «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының әкімшілі мен барлық бөлімдері, ғылыми кітапханасы 2024 ж. дейін тұрып келді. Бүгіндері реставрация жасалуын күтіп отырған бұл құрылысқа болашақта Этнография музейі орналасады деп жобалануда.

1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша жинағына №594.1 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған.

Әдебиеттер:

  1. Малиновская Е.Г. Штаб гарнизонный, ХІХ в. // свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область. А., 1994. – С.282-283. № 594.1.
  2. Гарнизон штабы, ХІХ ғ. аяғы // Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер. А., 2016. 149 б. №125.
  3. Гарнизон штабы // «Әзірет Сұлтан» энциклопедиясы. І-том. Түркістан, 2021. 105 б.
Алдыңғы ақпарат

КАЗАРМА, ХІХ ғ. аяғы.

Келесі ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі