Түркістан қаласының туристік имиджін арттыру және туристік өнімдерді халықаралық нарыққа ұсыну, сондай-ақ, отандық және шетелдік туристік агенттіктерге Түркістанның мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында ақпараттық тур ұйымдастырылды.
Осы орайда, Түркістан қаласына келген 130 отандық туристік агенттер Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және оның маңындағы тарихи-мәдени ескерткіштермен танысуға мүмкіндік алды.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің гид-экскурсоводтары қонақтарға тарихи жәдігерлерді таныстырып, сұрақтарына жауап берді.
Экскурсия барысында туристік агенттерге қорық-музейге қарасты тарихи ескерткіштердің жол көрсеткіш кітапшалары берілді.
Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Алматы қаласынан келген туроператор басшылары арасында туризм саласындағы ынтымақтастықты арттыру туралы меморандумға қол қойылды.