Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мектеп қабырғасында және Днепродзержинскіде бірге оқыған сыныптас, курстас достары Түркі халықтарының астанасы болған Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасап, бабалар рухына құран бағыштады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Елбасы жолымен» тақырыбында ұйымдастырылған интерактивті-танымдық сапар барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіндегі тарихи жәдігерлер мен тұлғалар жайлы мәліметтермен танысып, жуырда ғана қайта іске қосылған ортағасырлық құдық суынан ауыз тиді.